kzru

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары аясында мал шаруашылығы мен сүт өндіру саласының қызметкерлерін оқытуға арналған орталық құру туралы үшжақты келісім-шартқа қол қойылды

GFA Consulting Group GmbH (Германия), Қазақ агротехникалық университеті және «Байсерке Агро» холдингі (Қазақстан) мал шаруашылығы саласының қызметкерлерін оқыту бойынша ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды. Келісім аясында сүт өндірушілерге арналған консалтинг және оқыту орталығы құрылады.

Жобаның бастамашысы-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі. Орталықтың жұмысы Уве Веддигенің басшылығымен KFM қазақстандық-неміс жобасы аясында жүзеге асырылады.

Сүт өндіру саласындағы біліктілікті арттыру Алматы облысында орналасқан «Байсерке Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығының базасында жүргізілетін болады. Ол үшін агрохолдинг 30 орындық дайын жатақханасы бар инфрақұрылымды, асхананы, оқу сыныптарын, тәжірибеден өту үшін сүт өндірудің заманауи құрылғылары бар фермасын пайдалануға береді..

Орталықтың әлеуетті контингенті аграрлық университеттердің түлектері мен студенттері, сондай-ақ фермалардың мамандары болады. Оқыту кадр тапшылығын қысқартуға, жаңа және жұмыс істеп тұрған сүт фермаларында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ сүт өндірісінде жұмыс істеуге жастарды тартуға ықпал етеді.

Сүт өндіру саласында практикалық дағдыларды игерудің арқасында шаруашылықтың пайдасын арттырып қана қоймай, қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізу үшін сүттің сапасын жақсартуға болады, осылайша еліміздің сүт импортына тәуелділігін 39%-дан 11%-ға дейін төмендетуге болады.

Осыған ұқсас орталық еліміздің солтүстігінде жұмыс істейді, онда Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының 16 пилоттық шаруашылығының мамандары білім алды. Практикалық жұмыс сиырлардың өнімділігін арттыруға, жем-шөпке талдау жүргізуге, фермадағы жұмыс хаттамасын жасауға және сақтауға тағы басқа жұмыстарға бағытталған.

2019 жылғы 6 желтоқсанда мемлекет басшысының Берлинге ресми сапары барысында ҚР АШМ мен ГФР Федералдық азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігі арасында кооперациялық жобаны жүзеге асыру жөніндегі ниеттер туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

Алматы облысында оқу орталығын ашу 2023 жылдың соңында жоспарлануда.

Байланыс
img
Байсерке Агро
Қазақстан, Алматы облысы, Талғар ауданы, Арқабай ауылы, Өтеген батыр көшесі, 3 үй
img
«Қобыланды» жылқы зауыты
Қазақстан, Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылы, 8 наурыз көшесі, 49 үй
Телефон: +7 747 666 98 26