kzru

«Байсерке-Агро» Қостанай жылқы зауытындағы тарихи ат қораға өз қаражаты есебінен жөндеу жүргізді

5 қазан 2024 ж. «Байсерке-Агро» «Қазақ тұлпары» ЖШС қарасты (бұрынғы Қостанай жылқы зауыты) ел тарихындағы ең алғашқы атқорада өз қаражаты есебінен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.
Тарихи атқора 1888 жылы Қостанай облысының Заречное ауылында жылқы зауытының өзі құрылған кезде салынған. Бірегей тарихи нысан ұзақ уақыт бойы апатты жағдайда болды және күрделі жөндеуді қажет етті. Компания жоспарында осы ат қорада жылқы өсіру тарихының мұражайы мен шағын галерея ашу да бар.
Жоба 2023 жылы «ҰАҒБО» КеАҚ, «Қазақ тұлпары» ЖШС және «Байсерке-Агро» агрохолдингі арасында қол қойылған қостанай жылқысы тұқымын жаңғырту жөніндегі меморандум аясында жүзеге асырылды.
2024 жылдың көктемінде Қостанай жылқыларын жандандыру жөніндегі жұмыстың бірінші кезеңі аясында «Байсерке Агро» асыл тұқымды айғырларды Қостанай жылқы зауытына ұрықтандыру үшін тапсырды. Айғырлардың көмегімен асыл тұқым болып табылатын Қостанай тұқымының 34 биесін ұрықтандыру жүргізілді. Сонымен қатар, генетикалық материалды беру үшін «Қобыланды» жылқы зауытына Рабат есімді Қостанай тұқымының айғыры жіберілді.
«Байсерке-Агро» қостанайлық жылқы тұқымын жандандыру бойынша жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр. Оның ішінде, «Қобыланды» жылқы зауытының қолда бар құрамынан сапалы айғыр-өндірушілермен жылқы зауытын қамтамасыз ету, ғылыми өндірістік қолдау көрсету.
Қостанайлық жылқы тұқымы-мамандандырылған спорттық бағыттағы жалғыз қазақ жылқы тұқымы. Қостанайлық жылқы тұқымын жаңғырту жобасы «Байсерке-Агро» агрохолдингінің қайырымдылық жобасы болып табылады және компания қаражаты есебінен іске асырылуда.

Байланыс
img
Байсерке Агро
Қазақстан, Алматы облысы, Талғар ауданы, Арқабай ауылы, Өтеген батыр көшесі, 3 үй
img
«Қобыланды» жылқы зауыты
Қазақстан, Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылы, 8 наурыз көшесі, 49 үй
Телефон: +7 747 666 98 26