kzru

Алматы облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл тұрғындарынан ұсақ малды сатып алу жобасы басталды

«Байсерке-Агро» компаниясы «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл тұрғындарының өсірген ұсақ малын сатып алу жобасын іске асыра бастады.

Жобаның мақсаты – шаруа қожалықтары үшін тұрақты өнім өткізу нарығын құру, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және ауыл тұрғындары арасында жұмыссыздықты азайту, сондай-ақ Парсы шығанағы елдерінде қазақстандық қой етінің экспорттық әлеуетін дамыту.

Жоба аясында «Байсерке-Агро» ЖШС ауыл тұрғындарынан ұсақ мал (қозы, қой,ешкі) сатып алып, олар үшін қой етінің шикізатын жеткізушілердің тұрақты нарығын құрады. Сондай-ақ ауыл тұрғындарына ветеринария, малды ұрықтандыру және жемді дұрыс дайындау мәселелері бойынша жәрдемдеседі. Компания өзінің бордақылау алаңдарында ауыл тұрғындарынан сатып алынған ұсақ мал бордақылауды жүргізіп, шет елдерге өткізу үшін қажетті жағдайға жеткізеді.

«Первомайские деликатесы» ЖШС ауыл тұрғындарынан ет өнімдері мен шұжық өнімдерін өндіру үшін қой сатып алатын болады. Қазіргі уақытта жылына 800 тонна қой етінің экспорттық әлеуеті бар. Жылына 50 000 бас көлемінде ұсақ малға үлкен қажеттілік бар.

«Ауыл аманаты» жобасы Қазақстанда 2023 жылдың басында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша басталды. Бағдарламаның Алматы облысындағы операторы «Қонаев» ӘКК болып табылады. Бағдарлама аясында ауылдар мен шағын қалалардың тұрғындары мемлекеттен мал шаруашылығы мен фермерлік саласындағы кәсіпкерлік қызметке жеңілдетілген пайызбен несие ала алады.

AMANAT партиясы жанынан азаматтар мен әкімдерді әдіснамалық сүйемелдеуді, оқытуды, өтінімдерді қабылдау және қаражатты бөлу процесінің мониторингін қамтамасыз ететін жобалық кеңсе ашылды.

Жоба бойынша микрокредит беру мерзімі 5 жылды құрайды, бұл ретте мал шаруашылығы саласындағы бастамалар үшін 7 жыл кезең көзделген. Максималды сома – 2,5 мыңнан 8 мыңға дейін (зәкірлік кооперация) АЕК, номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5% – дан аспайды.

Байланыс
img
Байсерке Агро
Қазақстан, Алматы облысы, Талғар ауданы, Арқабай ауылы, Өтеген батыр көшесі, 3 үй
img
«Қобыланды» жылқы зауыты
Қазақстан, Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылы, 8 наурыз көшесі, 49 үй
Телефон: +7 747 666 98 26