kzru

«Байсерке Агро» агрохолдингі Қытайға ет сатуға рұқсат алды

20 тамыз 2024 ж. «Байсерке Агро» Қазақстаннан Қытайға сиыр етін жеткізуге аккредиттеуді ұзартты.
«Байсерке Агро» ет өңдеу комбинаты — ет өнімдерін өндіруге арналған көпфункционалды кешен. Компания Қазақстаннан халықаралық нарыққа жетекші ет экспорттаушы болып табылады.
Компания тәулігіне 30 тонна сиыр еті мен 15 тонна қой етін өндіреді. Біржолғы салқындату мен сақтаудың жалпы көлемі 120 тоннаға дейінгі тоңазытқыш-мұздатқыш жабдығы және ет өнімдерін сүйектеу және терең өңдеу қуаты тәулігіне 25 тоннаға дейінгі өндірістік цехтары бар.
Ет өңдеу комбинаты халықаралық сапа және тамақ қауіпсіздігі стандарттары бойынша сертификатталған. ISO (22000-2019), (1179-2003 HACCP), (9001-2016), (14001-2016), (45001-2019), HALAL (Қазақстан нарығы және халықаралық нарық үшін) сертификаттары бар.
Компания БАӘ, Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт және Иранға ет экспорты бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Естеріңізге сала кетейік, Қытай 2024 жылғы 7 ақпанда Қазақстаннан мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге шектеулерді алып тастады. Тыйымдарды жою туралы шешім Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы ҚХР-ға ресми сапарынан кейін қабылданды.

Байланыс
img
Байсерке Агро
Қазақстан, Алматы облысы, Талғар ауданы, Арқабай ауылы, Өтеген батыр көшесі, 3 үй
img
«Қобыланды» жылқы зауыты
Қазақстан, Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылы, 8 наурыз көшесі, 49 үй
Телефон: +7 747 666 98 26