22 июня 2025 г.
«Байсерке-Агро» агрохолдингінің құрамына кіретін Кербұлақ шаруашылығы «lepsi 2025» мал шаруашылығының халықаралық ауылшаруашылық көрмесіне қатысты.
Компания 14 айлық Еділбай тұқымды қошқарларды таныстырды. Кербұлақ шаруашылығының қойлары өз құрдастарының арасында 2-ші орынды иеленді, әр қошқардың тірі салмағы 85 кг құрады. Байқаудың қазылар алқасы «Байсерке-Агро» агрохолдингінің өнімін жоғары бағалады.
Естеріңізге сала кетейік, «Байсерке-Агро» Қазақстан нарығында 20 жылдан астам табысты жұмыс істеп келе жатқан көпсалалы агрохолдинг болып табылады.
Компания қызметінің негізгі бағыттары: ірі қара мал өсіру, сүт және сүт өнімдерін өндіру, ет өндіру, өңдеу және консервілеу, ғылыми-зерттеу жұмыстары және т. б.