kzru

Қазақстанда сүт өндіру саласындағы халықаралық стандарттарға сай кеңесшілерін оқуға қабылдау жарияланды

Қазақстан мен Германия арасындағы келісім-шартқа сай жүзеге асырылған «Сүт өндіру саласындағы құзыреттілікті арттыру (KFM)» жобасы аясында халықаралық стандарттарға сай кеңесшілерін тегін оқытуға қабылдау жарияланады.

Оқыту сүт фермаларындағы сиырларды азықтандыру, тұяқтарын өңдеу, емдеу, сауу және тағы басқа сүт шаруашылығының барлық бағыттары бойынша жүргізіледі. Болашақ кеңесшілер оқу барысында теориялық және практикалық білім алады.

Олар Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан «Байсерке Агро» агрохолдингі базасында білім алады, онда барлық қажетті жабдықтар, өндірістік цех және жатақханасы бар оқу орталығы орналасқан.

Кандидаттарға қойылатын талаптар: аграрлық шаруашылық саласындағы жоғарғы білім және ауыл шаруашылығында мамандығы (қызмет бейіні) бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі. Ағылшын немесе неміс тілдерін білу құпталады. Тренинг 2024 жылдың наурыз айынан шілдеге дейін өтеді.

Оқытудың соңғы модулі барысында болашақ кеңесшілер Германияның оқу-өндірістік және консалтингтік орталықтарында практикалық дайындықтан өтеді.

Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.

Жоба KFM сүт өндіру саласындағы қазақстан-герман жобасының екінші кезеңі аясында іске асырылуда. Президенттің еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен іске асырылуда.

Жобаның мақсаты – сүт саласында практикалық дағдыларды игеру, халықаралық стандарттарға сай өнім өндіру, шаруашылықтардың тиімділігін арттыру, қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізу үшін сүт сапасын жақсарту және еліміздің сүт импортына тәуелділігін 39%-дан 11%-ға дейін төмендету.

Жобаны іске асырумен GFA Consulting Group GmbH (Германия), Қазақ агротехникалық университеті және «Байсерке Агро» ғылыми-өндірістік орталығы (Қазақстан) айналысатын болады.

Оқыту кадр тапшылығын қысқартуға, жаңа және жұмыс істеп тұрған сүт фермаларында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ сүт өндірісінде жұмыс істеуге жастарды тартуға ықпал етеді.

Байланыс
img
Байсерке Агро
Қазақстан, Алматы облысы, Талғар ауданы, Арқабай ауылы, Өтеген батыр көшесі, 3 үй
img
«Қобыланды» жылқы зауыты
Қазақстан, Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылы, 8 наурыз көшесі, 49 үй
Телефон: +7 747 666 98 26